Геология

Геология

Белгілі бір елді мекен учаскесінің қандай болмасын ғимарат немесе тұрғызылым құрылысын жобалауға және салуға жарамдылық дәрежесін анықтау үшін жоба құрылғанға дейін құрылыстың бірінші және негізгі кезеңінде кәсіби инженерлік зерттеу жүргізудің маңызы зор.

Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар кез-келген жобаның және құрылыстың ажырамас бөлігі болып табылады. Олар құрылыс жүргізілетін учаске туралы дәлірек ақпарат алуға көмектесетін әртүрлі зерттеулер кешенін құрайды. Бұл бағыт құрылыс жүргізілетін ауданның техникалық жағдайымен танысуға, аумақтың мейлінше тиімді және оңтайлы пайдаланылуын ескере отырып, бас жоспар құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай жұмыстар топографиялық карталарды құру және жаңарту кезінде жүргізіледі.

Құрылыс жұмыстарының барлық кезеңдеріндегі геодезия бойынша жұмыстар кешені:

  1. Топографиялық түсірілім (топографиялық карталар мен жергілікті жер жоспарларын құруға мүмкіндік беретін жұмыстар жиынтығы)
  2. Геологиялық қосалқы құрылым (жоспарлар мен түрлі құжаттар жасауда негізге алынатын түрлі масштабты топографиялық карталар жиынтығы) құру
  3. Геодезиялық бөлу (құрылыс жобасын натураға көшіру кезеңі)
  4. Орындаушылық түсірілім (әзір болған объект параметрлерін өлшеу және жобалық деректермен салыстыру, сондай-ақ қолданыстағы жер асты коммуникацияларын қарап шығу)

Инженерлік-геологиялық зерттеулер арқылы зерттелетін аумақта жүріп жатқан геоморфологиялық және геогидрологиялық процестер, жер қабатының құрамы мен қасиеттері, жер асты суларының құрамы мен түрлі құрылыс материалдарына қатысты жебірлігі анықталып; ағымдағы инженерлік-геологиялық процестердің өзгеруін болжамдауға мүмкіндік алынады. Зерттеу барысында алынған өзеннің ағу жылдамдығы, ені, тереңдігі, түбінің бедері, бойлық профильдері, өзеннің қима ауданы, су беті деңгейінің өзгеруі сияқты морфологиялық сипаттамалары гидротехникалық тұрғызылымдар, көпірлер, су қоймалары құрылысы кезінде пайдаланылады. Инженерлік-геологиялық зерттеулер барысында жобаланған тұрғызылымдар ауданындағы жер қабатының физикалық-механикалық қасиеттері, жер асты суларының болуы және тереңдігі зерттелуі тиіс, жер қабатынан су сынамасы ғимарат периметрі бойынша іргетас тереңдігінен ұңғыма бұрғылау арқылы алынады. Алынған деректер іргетас типін, жобаланатын ғимараттың беріктік сипаттамаларын таңдау үшін пайдаланылады. Аз қабатты ғимараттар (коттедж, қала сыртындағы үйлер, шағын қоймалық және шаруашылық объектілер) үшін инженерлік-геологиялық зерттеулер кезінде талдау үшін жер қабатынан сынама алудың және бұрғылау көлемінің қолданыстағы есептік нормалары қолданылады.

Егер көпқабатты құрылыс немесе ірі өндірістік объект үшін зерттеу жүргізу қажет болса, Тапсырыс берушіден геологиялар жұмыстар өндірісінің осы объектіні жобалаушы мекемемен келісілген техникалық тапсырмасы талап етіледі. Бұл жағдайда оның техникалық сипаттамаларын, құрылыс жүргізу ауданын, геологиялық тұрғызылымдар мен осы елді мекендегі болжамды инженерлік-геологиялық процестерді ескере отырып, нақты құрылыс объектісіне арналған инженерлік-геологиялық зерттеулердің жеке бағдарламасы жасақталады.

Инженерлік-геологиялық зерттеулердің есептік көлемі жобалық шешімдер кешенін негіздеу үшін жеткілікті болуы тиіс:

  1. осы аудандағы объект құрылысының техникалық мүмкіндігін және экономикалық тиімділігін негіздеу
  2. жобаланған объектіні орналастырудың барлық ықтимал нұсқаларын салыстыру және оның ішінде оңтайлысын таңдап алу
  3. таңдалған нұсқа бойынша ғимараттар мен тұрғызылымдардың жиынтықталуын негіздеу
  4. ғимараттар мен тұрғызылымдардың негіздері мен ортасының есептік сызбаларын дәйектеу
  5. құрылыс жұмыстарына техникалық және авторлық бақылау жүргізу

Бұл жұмыстар құрылыстың бастапқы кезеңінде жүргізіледі және сауатты жобалаудың қажетті бөлігі болып табылады. Дұрыс орындалған учаске геологиясы 50 метрге дейінгі тереңдіктегі жер асты қойнау қабаттарының рельефін зерттеуге мүмкіндік береді.

Инженерлік-геологиялық зерттеулер құрамына келесілер кіреді

  1. ұңғымаларды бұрғылау
  2. жер қабатының далалық зерттеулері (статикалық, динамикалық зондтау, жер қабатын штамппен сынау және т.б.)
  3. геофизикалық зерттеулер
  4. гидрогеологиялық зерттеулер (айдап көру тәжірибелері, гидрогеологиялық модельдеу және т.б.)
  5. стационарлық бақылаулар (мониторинг)
  6. жер қабаттары мен жер асты суларының зертханалық зерттеулері
  7. қолданыстағы ғимараттар мен тұрғызылымдардың іргелеріндегі жер қабатын зерттеу
  8. инженерлік-геологиялық жағдайлардың өзгеруін жорамалдау
  9. геологиялық процестердің қауіп-қатерлері мен тәуекелдерін бағалау

Инженерлік-геологиялық зерттеулердің бірінші кезеңі ұңғымалар жасау болып табылады. Ұңғымалар тұрғызылымдар контуры, осьтері бойына да жасалуы мүмкін. Геологиялық зерттеу жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін, біздің компанияның сарапшылары келесі пайымдауларға сүйене отырып, ұңғыманың тиісті тереңдігін есептейді:

  1. Құрылыс объектісінің орналасқан орны, аумақтың өңірлік ерекшеліктері
  2. құрылыс объектісінің арналымы, типі, класы
  3. іргетас түрі
  4. құрылыс объектісінің биіктігі, ені, ұзындығы
  5. құрылыс объектісінің қосымша ерекшеліктері

Дала сынауларын білікті бұрғылаушылар бригадасы КАМАЗ көлігіне орнатылған бұрғылау құрылғысы көмегімен жүргізеді

  1. игеру өткізілімі және жер қабатының физикалық-механикалық қасиеттерін зертханалық зерттеу үшін монолиттерден сынама алу, іргетас негіздерін есептеудің нақты сызбалары үшін сипаттамаларын анықтау
  2. статикалық, динамикалық және бұрғылап зондтау әдістерімен жер қабатының стандартты механикалық сипаттамаларын анықтау
  3. ғимараттар мен тұрғызылымдардың геологиялық ортамен өзара әрекеттесуін физикалық және математикалық модельдеу
  4. бөлек бағдарламалар, соның ішінде сызықтық емес есептеу әдістерінің көмегімен ғимараттар мен тұрғызылымдардың стандартты емес іргетастары мен конструкциялары бойынша жер қабатының сипаттамаларын арнайы зерттеу
  5. үйлер, ғимараттар мен тұрғызылымдардың құрылысына және жақын маңдағы аумақтарға геотехникалық бақылау жүргізу

Екінші кезең аккредитацияланған сынау зертханасындағы зертханалық сынаулар болып табылады. Сынау зертханасы мамандарының геологиялық зерттеу саласындағы жұмыс тәжірибесі, өтілі мол, олар ИСО/МЭК 17025-2009 стандарты бойынша сапа менеджменті оқуларынан өтіп, жаңартылған АСАЖ автоматты жүйесі бойынша біліктіліктерін арттырған.

Жер қабаттарының зертханалық сынақтары жер қабатының статикалық жүктемелер мен динамикалық ықпалдан опырылуға бейімділік параметрлерін анықтау үшін жүргізіледі. Зертханаларда шұңқыр қазу кезінде жер қабатына түсетін қысымды азайту, содан соң ғимарат құрылысы кезінде күрт ұлғайту процестерін модельдеу үшін жер қабаты сынамасына салмақ түсіреді, салмақтан босатады, ығыстырады, бұзып көреді.

Жер қабаттарының құрылыстық қасиеттерінің параметрлерін анықтау үшін зертханалық сынақтар дәл жүргізілуі тиіс.

Жер қабатына қысым түсіріледі, ол қысым құрылыстан кейінгі қысымның параметрлеріне сәйкес болуы тиіс. Егер тұрғызылымға ішкі механизмдерден келетін динамикалық әсер ғана емес, сонымен қатар сыртқы ықпалдар да (мысалы, темір жол немесе трамвай желісі немесе автострада) әсер ететін болса, онда жер қабатына қосымша сынаулар жүргізіледі.

Инженерлік-геологиялық зерттеулер құрамында жер қабатының физикалық-механикалық қасиеттерін зертханалық, геологиялық сынаулар компрессиялық және ығыстырушы құралдарда, үш осьтен сығу құралдарында орындалады.

Зертханалық зерттеулер нәтижесінде жер қабатының атауы, құрамы, күйі, физикалық-механикалық қасиеттері анықталады. Жер қабатының геологиялық зерттеуі жер қабаты массивінің ұстасу және деформациялану қасиеттерін анықтау, тұрғызылымдардың жер қабатына ықпалын модельдеу мақсатында жүргізіледі.

Зертханалық жағдайларда жер қабатының физикалық көрсеткіштерін зерттеу келесілерден құралады

  1. табиғи ылғалдылығын анықтау
  2. жер қабатының тығыздығын анықтау
  3. жер қабатының кеуектілігін анықтау
  4. созылымдылық санын анықтау
  5. ылғалдылығының деңгейін анықтау
  6. ағымдылық дәрежесін анықтау
  7. жер қабатының отыру, ісінуге қабілеттілігін анықтау
  8. жер қабатының әр түрлілігін анықтау

Зертханалық жағдайларда жер қабатының физикалық-механикалық көрсеткіштерін зерттеу келесілерден құралады:

  1. ығысу процесіндегі топырақтың беріктік деңгейін анықтау
  2. деформацияға бейімділігін анықтау
  3. бір оське сығымдау мезетіндегі жер қабатының тығыздығын анықтау
  4. бастапқыда байқалатын отыру қысымы мен отырғыштығын анықтау
  5. табиғи түрде алынатын қисаю бұрышын зерттеу

Бұл зерттеулердің бәрі белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Үшінші кезеңде техникалық есеп және оның негізінде кестелер рәсімделіп, құрылыс объектісі үшін шұңқыр қазуға арналған жобалау жұмыстары, іргетасты таңдау жүргізіліп, оны ылғалдан қорғау тәсілдері іріктеледі.

Техничтехникалық есептің құрылымы:

  1. алынған дала зерттеуі деректерін камералдық өңдеу
  2. зертханалық сынауларды статистикалық өңдеу
  3. геологиялық кесімдер мен сызбаларды жасақтау

Далалық және зертханалық жұмыстар аяқталғаннан кейін тапсырыс беруші алдында объект гидрологиясы ерекшеліктерінің толық көрінісі алынады. Ол табиғи процестерді, объектіні пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, учаскедегі ықтимал өзгерістер туралы болжам жасайды. Сондай-ақ осындай өзгерістердің теріс салдарларына жол бермеу немесе жеңілдету жөнінде ұсынбалар жасалады. Объектіні жобалаудың әр кезеңі үшін бөлек ұсынбалар жасақталады.

Гидрогеологиялық іздеулер кез-келген инженерлік барлау жұмыстарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жұмысты онсыз бастауға болмайды, өйткені болашақ іргетас типі, жерді құрғату жұмыстарын жүргізу, кәріз жүйесін ұйымдастыру қажеттілігі жер қабатының гидрогеологиялық сипаттамаларына байланысты болады.

Егер бұл кезең ойластырылмайтын болса, шұңқыр қазудың өзінде-ақ көптеген қолайсыздар, мысалы, су басу, туындауы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыстар мәжбүрлі түрде тоқтатылып, содан соң құрғату, жер қабатынан суды сорып алу шаралары қабылданады. Нәтижесінде уақыт пен ақшалай қаражаттар бекер шығындалады.

Орындалған зерттеулер келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  1. құрылыстың барлық нормалар мен талаптарға сәйкес келетін орнын дұрыс таңдау
  2. жер асты суларының деңгейін анықтау, ұңғыма бұрғылау немесе шұңқыр қазу тереңдігін есептеу
  3. болашақ іргетас типін, оны гидрооқшаулау, қорғау, кәріз жүйесін орнату жағдайларын таңдау
  4. құрылыс объектісіне арналған барлық учаскенің бас жоспарын жасақтау, ұңғыма немесе құдықтың орнын айқындау
  5. болашақ құрылыс объектісінің өлшемін, конструкцияларының типін ойластыру, материалдарын таңдау
  6. ұңғымалардың, канализация жүйелерінің және басқалардың қоршаған ортаға әлеуетті ықпалын бағалау

Гидрогеологиялық зерттеулерді мамандар жүргізеді, учаскеде арнайы ұңғымалар қазылып, сынамалар алынып, содан соң зертханалық жолмен тиісті талдамалар жасалады.

Топырақ, геоботаникалық және басқа зерттеулер мен ізденістер жерлердің, соның ішінде топырақтың жай-күйі туралы ақпарат алу, сондай-ақ су мен жел эрозиясына, селге ұрынған, су астында қалған, батпақтанған, қайтара сортаңданған, құрғатылған, тығыздалған, өндірістік және тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен, радиоактивті және хтһимиялық заттармен ластанған, зарарланған және өзге де негативтік сипаттағы жерлерді анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

Топырақ зерттеу нәтижесінде алынған ақпарат жерлерге агроэкологиялық баға беру, мемлекеттік билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жерлерді пайдалануды шектеу, жерлерді қалпына келтіру, топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру, табиғат ландшафттарын жақсарту, сондай-ақ егіншілік жүйелерін жасақтау, жерлердің тиімді пайдаланылуын ұйымдастыру және қорғау, жер ресурстарының сапалы күйін есепке алу, жерлерге мониторинг жүргізу және баға беру, жер үшін ақы белгілеу жөніндегі шешімдерін қабылдауы үшін пайдаланылады. Топырақ зерттеулерінің масштабы жерлерді пайдалану қарқындылығына, топырақ жамылғысының күрделілігіне, шаруашылықтың мамандану бағытына және көлеміне қарай белгіленеді.

БІЗБЕН ЫНТЫМАҚТАСУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Егер сізді инженерлік-геологиялық және инженерлік-геодезиялық зерттеулер қызықтыратын болса, біздің компания сізге қызмет көрсетуге толықтай әзір. Біздің қолданысымызда меншікті аккредитацияланған сынау зертханамыз, заманауи жабдықтарымыз бар. Біздің ынтымақтасу Сізге зерттеулер дәлдігінің кепілдігін, қорытындылардың шынайылығын және зерттеу кешені ретіндегі учаскенің геологиялық зерттеулерінің тиімді бағасын ұсынады.