Сынақ зертханасы

«Жана Консалтинг ЛТД» ЖШС Сынау Зертханасы

«Жана Консалтинг ЛТД» ЖШС бұзбай бақылау жөніндегі сынау зертханасының негізгі арналымы газ, мұнай өңдеу, құрылыс және өнеркәсіптің басқа салаларында магистраль құбырларын, кәсіпшілік коллекторлар мен басқа да объектілердің құрылысы, пайдалану және жөндеу кезінде көшпелі диагностикалық, инспекциялық жұмыстар жүргізу болып табылады.
Сынау зертханасының материалдық, нормативтік базасы өте жақсы жабдықталған, өндірістік бөлмежайлармен, жыл сайын тексеруден және калибрлеуден өтетін заманауи жабдықтармен, сынаулардың толық кешенін орындауға жұмсалатын материалдармен толық көлемде қамтамасыз етілген.

«Жана Консалтинг ЛТД» ЖШС Сынау Зертханасы Қазақстан Республикасының МЕМСТ ИСО/МЭК 17025 талаптарына сәйкестігін аккредитациялау жүйесінде мақұлданған. Аккредитациялау арқылы тұтынушылар сынау жүргізу және өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету қызметтерінің сапасына берілетін кепілдікпен қамтамасыз етіледі.

Сынау зертханасы өнімді сертификаттау сынақтарын зертханаларды аккредитациялау салаларына сәйкес келесі бұзбай бақылау әдістерінің көмегімен жүргізеді

ВӨК

Визуалдық және өлшеу арқылы бақылау

УДК

Ультрадыбыстық дефектоскопия және қалыңдықты өлшеу

ӨЗ

Өткіш заттар көмегімен бақылау

МБ

Магнит-ұнтақты бақылау

НТ

қаттылықты өлшеу (Бринелль, Роквелл, Виккерс әдістерімен)

«Жана Консалтинг ЛТД» ЖШС Сынау Зертханасының мамандары ОПС-П,”Батыс өндіріс-құрылыс сервисі” ЖШС, “Теңіз Арыстаны” ЖШС, “Бұзбай бақылау бойынша аттестаттау орталығы”, «ҚР Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ БҚФ сияқты мамандандырылған аккредитацияланған оқу орталықтарында сертификаттаудан өтіп, ҚР-да қолданылатын стандарт талаптары бойынша біліктілігін арттырып, мол тәжірибе жинақтады.