Жобалау
Қолданыстағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жобалық-сметалық құжаттаманы жасақтаймыз. Жобалау жұмыстары кез-келген құрылыстан бұрын жүргізіледі. Жобалау жұмыстары —бұл тұжырымдамадан және эскизден бастап, барлық элементтерінің есептемесіне дейін жұмыстардың барлық циклының құжатталуын көздейтін инженерлік және сәулеттік жобалау жөніндегі қызметтер. Дайын объектінің сапасы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ негізгі инвестициялар мен қосымша шығындардың көлемі осы жобалау жұмыстарына тікелей байланысты. Кәсіби мамандардың айтуынша, жұмыс жобасы —бұл ғимараттың көзге көрінбейтін іргетасы.
Әдетте жобалау жұмыстары 4 кезеңнен тұрады. Алдымен болашақ құрылыс объектісі мен орны туралы ақпаратты жинау және талдау жүргізіліп, құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі бекітіледі. Содан соң сәулет-құрылыс және көлем-жоспарлық шешімдер, сметалық және технологиялық құжаттама жасалады. Үшінші кезеңде құрылыс-монтаж жұмыстарына сараптама жүргізуге арналған құжаттар топтамасы жиналады. Тек осыдан соң жұмыс құжаттамасы жасақталып, құрылыстың әр элементі тәптіштеліп сипатталады.
“Жана Консалтинг ЛТД” ЖШС Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына, ережелері мен стандарттарына толығымен сәйкес келетін біздің клиенттеріміздің жобалық идеялары мен ойларын іске асыру және жобалық-сметалық құжаттаманы жасақтау қызметтерін ұсынады. Бір сөзбен айтқанда, “Жана Консалтинг ЛТД” ЖШС мамандары орындайтын тыңғылықты жоба —бұл кез-келген сапалы жұмыстар негізі.
ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНА КЕЛЕСІЛЕР ЖАТАДЫ:
- бас жоспар құру
- сәулет және интерьер құру
- құрылыс конструкциялары
- технологиялық процестер
- ЖЖ, ТМ, ЖҚ, ІК
- электрмен жабдықтау және БӨҚжА
- инженерлік желілер
- авто және т/ж жолдары
- өнеркәсіптік қауіпсіздік
- ҚОЫБ
- сметалық құжаттама
- ҚҰЖ