Инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізу

Ақжайық ш.а.инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізу. Ақжайық. Құрылымы бұзылған және бұзылмаған топырақ үлгілерін, сондай-ақ жер асты суларын іріктеп инженерлік-геологиялық ұңғымаларды бұрғылау.

Кәсіби мейрам – Құрылысшылар күні қарсаңындағы керемет жаңалық!

Біздің ұжымда қуанышты жағдай орын алды! Кәсіби мейрам – Құрылысшылар күніне орай біздің құрметті әріптесіміз Амиров Сағидолла БҚО әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды!

Сағидолла Әмірұлын осы марапатымен шын жүректен құттықтап, оған мықты денсаулық, толағай табыстар және кәсіби жетістіктер тілеп, жаңа озық идеялар мен дара шешімдер ұсына беруіне тілектеспіз! Қажырлы жұмысыңыз тек қанағат пен қуаныш әкелсін, еңбегіңіз елене берсін, әрдайым айналаңыздағы адамдардың ықыласына және алғысына бөлене беріңіз!

Сағидолла Әмірұлы “Жана Консалтинг ЛТД” ЖШС-де 2011 жылдан бастап техникалық қадағалау жөніндегі инженер лауазымын атқарып келеді. Өзінің лауазымдық міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде, шабытпен орындайды. Кадрларды даярлауға белсене атсалысады, өзінің мол өндірістік және өмір тәжірибесімен жас мамандармен және әріптестерімен бөлісіп отырады. Кез-келген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, басшылықтың нұсқауларын сауатты және нақты орындай біледі, жұмыс процесін оңтайландыру жөнінде өз ұсыныстарын білдіреді.

Сіздің мол өмірлік тәжірибеңіз, ұйымдастырушылық талантыңыз, салмақты қабылдайтын шешімдеріңіз сізге алдағы уақытта да ең тың жоспарларыңызды іске асыруға көмекке келетініне еш күмәніміз жоқ.