Техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер

Техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер

«Жана Консалтинг ЛТД» ЖШС 2008 жылы құрылып, қазіргі таңда жауапкершіліктің бірінші деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер ұсыну жөніндегі көшбасшы ұйымдардың біріне айналды.

Қазақстан нарығындағы 10 жыл «Жана Консалтинг ЛТД» ЖШС үшін табысты жылдар болды. Берілген мерзімді ұстанып атқарылатын жұмыстардың жоғары сапасы үнемі толығып тұратын тапсырыстар портфелін жасақтауға мүмкіндік береді. Ірі жобаларда өзін сәтті көрсеткен «Жана Консалтинг ЛТД» ЖШС қызметінің бұл бағытына артықшылық береді.

«Жана Консалтинг ЛТД» ЖШС штаты осы саланың жоғары біліктілікке ие, ірі жобаларды іске асыруда мол тәжірибе жинақтаған, лайықты білім деңгейін көрсете білген жетекші кәсіби мамандарынан құралған. Үміткерлерді 2-4 сұхбаттасудан өткізіп, түйінді құзыреттіліктерін тексеру арқылы қызметкерлерді іріктеуге үлкен мән береміз.

Біздің инженерлік-техникалық жұмыскерлеріміздің төмендегі мамандық салаларындағы техникалық қадағалау түрі бойынша қызметті жүзеге асыруға құқық беретін сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер бойынша сарапшылардың аттестаттары бар:

  1. жауапкершіліктің бірінші деңгейіндегі объектілердің тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде
  2. жауапкершіліктің бірінші деңгейіндегі объектілердің инженерлік желілер бөлігінде
  3. жауапкершіліктің бірінші деңгейіндегі объектілердің технологиялық жабдықтар бөлігінде

Штатта қажетті мамандардың жеткілікті болуына байланысты «Жана Консалтинг ЛТД» ЖШС ең қысқа мерзімде мейлінше зор жетістіктерге қол жеткізе алады.

Біздің компанияның меншікті автокөліктері және техникалық қадағалау жүргізу үшін қажетті барлық заманауи жабдықтары бар.