Экологиялық к5 класс бензині компоненттерін өндіру объектісі, Ақсай қ. БҚО
Біздің ұжымда қуанышты жағдай орын алды! Кәсіби мейрам – Құрылысшылар күніне орай біздің құрметті әріптесіміз Амиров Сағидолла БҚО әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды!
Сағидолла Әмірұлын осы марапатымен шын жүректен құттықтап, оған мықты денсаулық, толағай табыстар және кәсіби жетістіктер тілеп, жаңа озық идеялар мен дара шешімдер ұсына беруіне тілектеспіз! Қажырлы жұмысыңыз тек қанағат пен қуаныш әкелсін, еңбегіңіз елене берсін, әрдайым айналаңыздағы адамдардың ықыласына және алғысына бөлене беріңіз!
Сағидолла Әмірұлы “Жана Консалтинг ЛТД” ЖШС-де 2011 жылдан бастап техникалық қадағалау жөніндегі инженер лауазымын атқарып келеді. Өзінің лауазымдық міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде, шабытпен орындайды. Кадрларды даярлауға белсене атсалысады, өзінің мол өндірістік және өмір тәжірибесімен жас мамандармен және әріптестерімен бөлісіп отырады. Кез-келген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, басшылықтың нұсқауларын сауатты және нақты орындай біледі, жұмыс процесін оңтайландыру жөнінде өз ұсыныстарын білдіреді.
Сіздің мол өмірлік тәжірибеңіз, ұйымдастырушылық талантыңыз, салмақты қабылдайтын шешімдеріңіз сізге алдағы уақытта да ең тың жоспарларыңызды іске асыруға көмекке келетініне еш күмәніміз жоқ.
«Жаңа Консалтинг ЛТД» ЖШС – бұл белсенді дамып келе жатқан компания және көптеген қазақстандық ұйымдардың сенімді серіктесі
Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы. Орындауды жетілдіру және кепілдік берілген сенімділік-біздің жұмысымыздың басты сапасы.